Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Азия ойындарының ашылу салтанатындағы ту ұстаушылары белгілі болды. Ел намысын дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен үстел теннисінен ұлттық құрама спортшысы Сарвиноз Миркадирова қорғайды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қазақстанның көк туын спортшылар шеруі кезінде Елдос Сметов пен Сарвиноз Миркадирова алып шығады.
Елдос Сметов – 2024 жылғы Олимпиада чемпионы, 2016 жылғы Олимпиаданың күміс және 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері. Сондай-ақ спортшының қоржынында әлем чемпионаты мен 2014 жылғы Азия ойындарының алтын медальдары бар.
Ал Сарвиноз Миркадирова – Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Ол халықаралық WTT Feeder сериясындағы жарыстарда жүлдеге ие болып, әлем және Азия чемпионаттарына қатысқан.
ХХ жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты 19 қыркүйекте Жапонияның Нагоя қаласындағы Nagoya City Mizuho Park Athletic Stadium стадионында өтеді.
Азиада-2026 жарыстары 4 қазанға дейін жалғасады.