Айыппұл арқалауыңыз мүмкін: жуырда жасанды интеллектіге қатысты маңызды заң күшіне енеді

Сағыныш Сардарова 14 қаң. 2026 09:26

Енді нейрожелі көмегімен жасалған сурет пен видео тіпті аудионы жариялағанда оны жасанды интеллект жасағанын көрсету керек, деп хабарлайды Dalanews.kz

Технологияны қолданған әрбір қазақстандық өнімнің авторлығын көрсетуге міндетті. Талап сақталмаса, айыппұл салынады.

Мысалы, нейрожелімен жұмыс істейтін қосымша арқылы сурет немесе бейнеролик жасасаңыз, әлеуметтік желіге жүктегенде ол материал жасанды зейіннің туындысы екенін ескерту керек.

Белгі қойылмаған жағдайда да қарапайым азаматтарға 65 000 теңгеден, шағын кәсіпкерлерге 86 000 теңгеден аса айыппұл салынады. Ал орта және ірі бизнес өкілдері тәртіп бұзса, 129 000 теңге, 432 000 теңге төлейді.

Тиісті заңға өткен қарашада Президент қол қойған. Ол 16 қаңтардан бастап қолданысқа енбек. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove