Әйгілі Карповтан ұтылып қалған үш жасар шахматшы көзіне жас алды (фото, видео)

Әйгілі Карповтан ұтылып қалған үш жасар шахматшы көзіне жас алды (фото, видео)
Ресейде Михаил Осипов есімді үш жастағы шахматшы әлемнің 12 дүркін чемпионы, халықаралық гроссмейстер, КСРО спорт шебері, Анатолий Карповпен шахмат ойнады.

Бұл туралы islam.kz жазады.

Жас талант Михаил Осипов небәрі үш жаста болғанына қарамастан, шахматты өте шебер ойнай алады.

44564564
44564564


"Не нәрсеге қызығасың?" деген жүргізуші сауалына ол, “шахматқа” деп жауап береді.

4654564
4654564


"Оның қорапшасындағы шахмат тастарының сылдырлағанына емес, жүргеніне қызығамын” дейді вундеркинд.

65655665
65655665


Жүргізуші сағат уақыты бойынша Карповқа 2 минут, ал Михаилға 10 минут береді. Шахмат ойнау кезінде талантты бала шахматтың теориялық қағидаларын да жатқа соғатындығын көрсетеді. Ол аңызға айналған Карповты ұтуға барынша талпынады.

Уақыт бітуге тақаған кезде, Карпов балаға ұтылып бара жатқанын айтып, тең түсуді ұсынады.

45454545464
45454545464
Алайда вундеркинд бұл ұсыныстан бас тартады.

шахмат
шахмат


Бірақ, ақыры әйгілі шахматшы жеңіске жетті. Жеңілгеніне өкінген Михаилдың көңіл-күйі барша көрерменді тебіренткен.