Әйгілі жазушы Жюль Верннің арманы жүзеге асты

Dalanews 04 там. 2017 04:47 732

ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Чеxия павильонында ұшатын велосипедті көруге болады. Жоба авторларының айтуынша, аталған бастамаға жазушы Жюль Вернның қиялындағы велосипед түрткі болды.

Flying Bike-ты құрастыруға бір жыл кетті. Оның ұзындығы - 3,8 метр, ені - 2,5 метр, ал биіктігі - 1,2 метр. Алты пропеллердің арқасында велосипедті көкке көтеруге мүмкіндік бар. Аппараттың жалпы салмағы - 95 келі. Ол 170 келі болатын жүкті көтеруге қауқарлы. Демек, өз салмағын алып тастаса, 80 келіге дейін салмақты адамды көкке ұшыруға болады. Ведосипедте алты қозғалтқыш бар. Төртеуінің қуаттылығы 10 киловатт болса, тағы екеуі 7 киловатт қуатқа ие. "Велосипедті тоқпен зарядтауға болады. Сондай-ақ, педальды айналдырып, аккумуляторға энергия жинауға мүмкіндік бар", - дейді чеx павильонында жұмыс істейтін гид.

Айта кеткен жөн, аккумулятордың сыйымдылығы - 50 ампер/сағат. Велосипед сағатына 50 шақырыммен ұша алады. Алайда, велосипедтің қазіргі нұсқасы тек 3-5 минут қана ұшуға жарайды.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар