Аида Балаева: "Бейнероликтердің мазмұнына мұқият қарау керек"

Аида Балаева: "Бейнероликтердің мазмұнына мұқият қарау керек"
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мемлекеттік тапсырыспен жасалатын өнімдерді жарияламас бұрын талдап, іріктеу қажеттігін ескертті. Министр бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.




Оның атап өткеніндей Қазақстан - зайырлы мемлекет, сондықтан Конституция барлық азаматтарға бірдей құқық, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге кепілдік береді.

"Оның ішінде біз әлеуметтік желілердегі біреудің ар-намысына тиетін түрлі жазбалар туралы айтып отырмыз.

Бұл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жасалған бейнебаянға да қатысты. Жергілікті идеологтар мемлекетіміздің басты басымдықтарын ұмытпай, бейнероликтердің мазмұнына мұқият қарау керек деп санаймын", – деді ведомство басшысы.

Министрдің осы ретте әкімдіктер жанынан арнайы жұмыс топтары құрылып, олар мемлекеттік тапсырыспен жасалатын өнімдерді бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланбас бұрын егжей-тегжейлі талдап, іріктеу керектігін ескертті.