Аягөзде тұрғын үйдегі кеңестік белгі алынып тасталатын болды

Dalanews 24 қаң. 2024 04:07 912

Абай облысы Аягөз қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде бейнеленген кеңестік белгі алынып тасталатын болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz тілшісі.

Бұл туралы қала әкімі Медет Мырзыкешов мәлімдеді.

Орақ пен балға - жұмысшылар мен шаруалардың бірлігін білдіретін символ. Бұл Кеңес Одағының басты мемлекеттік эмблемасы, сондай-ақ, коммунистік қозғалыстың негізгі рәміздерінің бірі болды. Ол бүкіл әлемдегі әртүрлі коммунистік партиялар мен қозғалыстарда кеңінен қолданылды. Сонымен қатар, құрылыс нысандарына да салынған.

Сурет: t.me/abaiaqparatkz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар