Австрия Ресейден мұнай экспорттауын тоқтатып, оның орынын қазақ мұнайымен толтырмақ

Dalanews 30 сәу. 2022 04:56 979

Австрияның OMV мұнай компаниясы Ресейден қара алтын тасымалдауды күрт тоқтатып, оның орынын Қазақстан мұнаймен толтыруға көшті.  

OMV Croup компаниясының өкілі Kurier газетіне берген түсініктемесінде «Біздің Ресейден сатып алып келген мұнайдың көлемі өте төмен. Ресей Украинаға қарсы соғыс ашқаннан кейін біз олардың мұнайын басқа елдің мұнайымен алмастырдық» деген болатын.

Қазақстан 2000 жылдардан бері Австрияға мұнай экспорттап келеді. Австрияның мұнай өндірісі қауымдастығының статистикалық дерек көздеріне назар аударсақ, Австрияда Қазақстан мұнайының үлесі жоғары екенін байқауға болады.

Айталық, 2021 жылы Орталық Еуропада орналасқан елге қажетті қара алтынның 38,9%-ын Қазақстан жеткізген.


Бұдан кейінгі орынды Ливия мен Ирақ тұр, аталған елдердің үлесі 22,1% және 20,7%-ды құрайды. Ал Ресейден жеткізілетін мұнайдың үлесі бар болғаны 7,8%-ды құраған. Енді австриялықтар Ресейден келетін мұнайдың қазақ мұнайымен алмастыруда.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар