Қадағалаушы органның дерегіне сүйенсек, экс басшыға ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қызметтегі әрекетсіздік деген айып тағылуы мүмкін.
Серік Күдебаев 2020 жылдың қаңтарынан Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды. Ал 26-қаңтарда қызметінен кетіп, артынша ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылған болатын.
Жуырда облыс әкімі Қанат Бозымбаев бір сұхбатында күтпеген ақпарат айтты. Жаппай тәртіпсіздік кезінде Күдебаевтің ауылына кетіп қалғанын, жағдайды бақылауда ұстай алмағанын жеткізді.
Енді генералға қатысты істің ақ-қарасын құзырлы орган ажыратады.