Ауғанстандағы жағдай, жаһандық шиеленістің жалпы артуы әскери-өнеркәсіптік кешен мен әскери доктринаны қайта қарастыру міндетін алға тартады.
Қорғаныс қабілетін нығайту, тиімділікті арттыру, қатерге қарсы әрекет ету де мемлекеттік маңызы бар басымдыққа айналуы тиіс, - деді Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында.
Оның айтуынша, сыртқы соққыларға және ең нашар сценарийге дайындалу қажет.
Мемлекет басшысы сырттан келетін тәуекелдерді модельдеу мәселесі өте өзекті болып жатқанын жеткізді.
Мемлекет басшысы атап өткендей, стресс-тесттер өткізу, сценарийлерді әзірлеу қажет, олардың негізінде мемлекеттік аппараттың іс-шаралар жоспары әзірленіп, жасақталады.