Атыраудағы трагедия: Марқұмдардың ел көрмеген суреттері тарады (ФОТО)

Атыраудағы трагедия: Марқұмдардың ел көрмеген суреттері тарады (ФОТО)
Orda.kz

Өткен жылы Атырау облысы Жангелдин ауылында жұмбақ жағдайда бүтін бір отбасы – зейнеткер ерлі-зайыпты мен олардың ересек балалары жоғалып кеткен еді. Туыстары олардың із-түссіз жоғалғанын 2025 жылдың желтоқсан айының соңында хабарлаған. Кейін марқұмдардың зорлықпен өлтірілген белгілері бар денелері өз үйлерінің аумағынан, ауладағы шаруашылық нысанының астынан табылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сот процесі басталғанға дейін тергеу амалдарына байланысты үйге кіруге шектеу қойылған болатын.

Иесіз қалған үй біртіндеп қараусыз қалып барады. Қатты желден кейін қоршаудың бір бөлігі құлап, аулаға көрші учаскелерден сиырлар кіре бастаған.

Аула мен үйдің қазіргі жағдайына қарап, бұл жерде көптен бері ешкім тұрмайтыны байқалады.