Төрт адамды өлтірді деп айыпталған 29 жастағы Сұлтан Сәрсемалиев сотта қылмысқа ұзаққа созылған отбасылық жанжал мен психологиялық қысым себеп болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Айыпталушының айтуынша, келіспеушілік жұбайының туыстарының отбасылық өміріне араласуынан басталған.
"Әйелім екеуміз 10 жыл бірге тұрдық. Егер арамызда үлкен мәселе болғанда, бес баламыз болмас еді және сонша жыл бірге өмір сүрмес едік. Бірақ әйелімнің отбасы біздің қарым-қатынасымызға шектен тыс әрі негізсіз араласып, мені жұбайыммен араздастырды", – деді Сәрсемалиев сотта.
Instagram желісіндегі Caspian Life парақшасының жазуынша, сот отырысы аяқталғаннан кейін айыпталушы көз жасына ерік берген.