Атыраудағы отбасы қазасы: Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты тың дерек жария болды

Атыраудағы отбасы қазасы: Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты тың дерек жария болды
Фото-коллаж: kznews.kz

Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесін өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сұлтан Сарсемалиев әзірге тергеу изоляторында отыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Atyrau OIL редакциясындағы ақпаратқа сәйкес, оны жазасын өтеу орнына этаппен жіберудің кешігуіне сотталған адамның психологиялық жағдайына байланысты қауіп болуы мүмкін. Атап айтқанда, оның өзіне зиян келтіру қаупі ескерілген болуы ықтимал.

Алайда бұл мәліметке қатысты әзірге ресми растау жоқ.

Бұған дейін Сарсемалиев пен оның қорғаушысы өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкімге шағым түсірмегені белгілі болды. Осыған байланысты сот үкімі заңды күшіне енді.

Алдағы уақытта сотталған азамат өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесіне этаппен жіберілуі тиіс.