Атырауда 4 млрд теңгеге салынған мектептің сапасына қатысты дау шықты

Атырауда 4 млрд теңгеге салынған мектептің сапасына қатысты дау шықты
Фото: moldashova_zh парақшасындағы видеодан скрин

Атырауда құрылысына шамамен 4 млрд теңге жұмсалған мектепке қатысты дау шықты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Әлеуметтік желілерде білім ордасының ішінен түсірілген бейне таралып, онда қабырғалардағы жарықтар, бүлінген әрлеу жұмыстары мен кабинеттердегі қаптамалардың үгітіліп жатқанын көруге болады.

Жарияланған кадрлар тұрғындардың алаңдаушылығын туғызып, нысанның сапасына қатысты сұрақтардың көбеюіне себеп болды.

Мамандар жүргізген тексеру барысында мектеп ғимаратында бірқатар кемшілік бары расымен анықталған.

Алайда нысанның мердігері – "ТаразҚұрылысИнвест" компаниясы мектеп құрылысы толық аяқталғанын және нысанда құрылыс нормаларының бұзылуы тіркелмегенін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта анықталған кемшіліктердің себептері мен оларды жою мәселесі талқыланып жатыр.