Атырау мұнай өңдеу зауыты өртке қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Кәсіпорынның мәліметінше, бүгін сағат 12:35-те жабық типтегі механикалық тазарту құрылыстарының тұндырғышында өрт шыққан. Оқиға болған сәтте нысанда қандай да бір жұмыс жүргізілмеген.
Зауыттың хабарлауынша, тұндырғыштың ішінде орналасқан мұнай шламы жанған.
Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.
АМӨЗ мәліметінше, кәсіпорын штаттық режимде жұмысын жалғастыруда.