Жедел көмек ауруханасына 5 адам, орталық қалалық клиникалық ауруханасына 2 адам, А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия орталығына 1 адам жатқызылды.
Пациенттердің жағдайы ауыр деп бағалануда. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Ауруханалар керекті дәрілік заттармен толыққанды қамтамасыз етілген. Республикалық санитарлық авиация орталығы дайын тәртіпте.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі