Жуырда атышулы порноактриса PGL Astana 2025 турниріне келгені туралы ақпарат тарады. Бұл жайтқа вице-министр пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Цифрлық даму вице-министрі Қаныш Төлеушин ресейлік порноактриса Ева Эльфидің Counter Strike 2 (PGL Astana 2025) турниріне шақырылуына қатысты түсініктеме берді.
Кеше Мәжіліс дәлізінде журналистердің сұрағына жауап берген ол бұл туралы алғаш рет естігенін айтып, "әрине, этикалық тұрғыдан ыңғайсыз" деп баса айтты.
Шенеуніктің сөзінше, турнирді ұйымдастырумен басқа министрлік айналысқан және сұрақтар соларға қойылуы керек.
БАҚ мәліметінше, миллиондаған көрермені бар жұлдыз PGL Astana 2025 халықаралық киберспорт турниріне арнайы қонақ ретінде шақырылған. Осылайша әлемдік деңгейдегі порноактриса әрі блогер Ева Эльфи PGL Astana 2025 халықаралық киберспорт турнирінің арнайы қонағы ретінде Қазақстан астанасына келді.