Атырау облысында бір отбасының өліміне қатысты іс бойынша басты күдіктіге өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды Dala News.
Адвокаттардың мәліметінше, тергеу айыпты ауырлатқан. Күдіктіге екі және одан да көп адамды өлтірумен қатар, бірнеше рет жасалған кісі өлтіру, ұрлық және алаяқтық баптары тағылып отыр.
Заңгерлердің айтуынша, қылмыстың ауырлығы мен сот тәжірибесін ескере отырып, сот өмір бойы жаза тағайындауы ықтимал.
