Ондағы мәлімет бойынша, бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті тергеу изоляторының бастығын пара алды деген күдікпен ұстаған.
Ол 500 мың теңге, яғни 1 миллион теңге параның жартысын алып жатқан кезінде ұсталған.
Дереккөздердің мәліметінше, изолятор басшысы моншада ұсталған. Сонымен қатар, ол тұратын мекенжайда тексеріс жүргізілген.