Атырауда прокуратура және кірістер департаментінің қызметкерлері төбелес шығарған

Көркем Алдабергенова 29 қаң. 2025 16:50 766

Атырауда прокуратура және мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері мейрамханада төбелес шығарған, деп хабарлайды Dalanews.kz Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап. 

28 қаңтарда Атыраудағы мейрамханалардың бірінде прокуратура қызметкері Асқар Жанысбаев, мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Айдын Сауданбеков пен оның орынбасары Әліби Бақытжанов төбелесіп қалған.

Төбелестен кейін Әліби Бақытжанов облыстық ауруханаға жеткізілген. Қазір ол комада. 

- Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, бірқатар тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, дейді Атырау полиция департаменті өкілдері. 

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар