Freedom Inside '26

Атырауда ер адам 8 жастағы қызды ұрлап кетпек болған

Атырауда ер адам 8 жастағы қызды ұрлап кетпек болған
atyrau.oil парақшасынан

Желіде Атырауда ер адам 8 жастағы қызды ұрлап кетпек болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, оқиға Нұрсая шағынауданында болған.

Атырау облыстық Полиция департаменті Dalanews.kz-ке берген жауабында бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Бұл дерек бойынша полиция қызметкерлері 1987 жылы туған күдіктіні ұстады. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды", - деді ПД өкілдері.