Freedom Inside '26

Атырау облысында 10-сынып оқушысы өлі табылды

Атырау облысында 10-сынып оқушысы өлі табылды
gov.kz

Атырау облысында жасөспірімнің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы өңірдің Полиция департаменті мәлімдеді,деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қайғылы оқиға Доссор кентінде болған. Полиция мәліметінше, бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы - "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша іс тіркелген.

Қазір соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құзырлы орган өкілдері оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға кіріскен.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, 10-сынып оқушысының мәйіті өз үйінен табылған.