“Атамекен” кәсіпкерлерден өткен жылдар үшін жарналарды өндіріп ала бастады

Қаракөз Амантай 26 жел. 2025 17:30

2025 жылдың соңында "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге өткен жылдар үшін міндетті мүшелік жарналарды өндіріп алу туралы алдын ала сотқа дейінгі талап хаттарын жолдай бастады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жарналар сот орындаушылары арқылы өндіріліп, мөлшері Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) пен компанияның жылдық табысына байланысты есептеледі. Кейбір жағдайларда бұл сома ондаған миллион теңгеге жетеді.

Еске салсақ, бұған дейін палатаны жою туралы петиция да жарияланған болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар