Астанаға Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан президенттері келеді

Астанаға Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан президенттері келеді
Ақорда

Астанаға Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан президенттері келеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Болашақ ойындары – 2026" халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатында сөз сөйлейді.

Астанада 29 шілде – 9 тамыз аралығында өтетін сайыста 34 елден 800 спортшы бақ сынайды.

Іс-шараның ашылу салтанатына Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қатысады.