Украинада Астанадағы ғимараттардың біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарлама жіберген жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Сумы қаласында Қазақстан ІІМ және Украина киберполициясының өзара іс-қимылы нәтижесінде Астанадағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде жарылғыш зат жасырылғаны туралы көрінеу жалған хабарлама жіберді деген күдікпен кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды.
Тінту барысында ұялы телефондар, планшет, ноутбук, жүйелік блок және банк картасы тәркіленген. Электрон құрылғылардан пайдаланылған аккаунт, жіберілген хабарлама мәтіні және басқа да цифрлық дәлелдер анықталған.
"Қазір тәркіленген техникаларға талдау жүргізіліп жатыр", - деді ІІМ өкілдері.