Астанадағы LRT желісінде электр кабелі өртенді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Есіл ауданындағы Сығанақ көшесінде LRT желісіндегі электр кабельдері өртенген.
LRT мамандары электр желісін ажыратқаннан кейін ТЖМ қызметкерлері Vario Carbon автономды арқалық өрт сөндіргішінің көмегімен шамамен бір метр аумақтағы өртті жедел сөндірді.
Ведомствоның мәліметінше, өрт қысқа уақыт ішінде толықтай сөндірілді.