Астанадағы мешітке қатысты Аида Балаева жауап берді

Dalanews 23 қыр. 2023 09:08 954

Ақпарат және мәдениет министрі әлеуметтік желіде «Астанадағы мешіттердің бірі анамның атымен аталады немесе оның құрметіне салынды» деген ақпаратқа қатысты жауап берді. 

Оның айтуынша, бұл ақпарат ешқандай шындыққа жанаспайды.

«Тағы бір атап өтетін жайт, Рахымқызы Раиса ана мешітінің немесе Қазақстандағы одан басқа жерлердегі мешіттердің құрылысына да, атауына да біздің отбасымыздың еш қатысы жоқ. Арандатушылыққа бой алдырмауды және жалған ақпарат таратпауды сұраймыз», - дейді ол.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар