Астанадағы лифтідегі оқиға: министр жаңа деректерді айтты
Сағыныш Сардарова
Астана ПД
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанада лифтіде балаға пышақ жарақатын салған жасөспірімге қатысты іс бойынша тексеріс қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Министрдің айтуынша, жасөспірімнің анасы ұлына дұрыс қаралмағаны жөнінде шағым түсіргенімен, бұл мәліметтер расталмаған.
"Сот-медициналық сараптама жүргізілді. Бала осындай жағдайда, оған қоса диагнозы өте күрделі", - деді Әлназарова сәрсенбіде Мәжіліс дәлізінде.
Қазір жасөспірімсотшешіміменстационарлықем қабылдап жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін санитарлар жасөспірімге дене жарақатын салды деп айыпталды. Әлеуметтік желілерде жасөспірімнің анасының полицияға жүгінгені туралы ақпарат та тараған болатын. Оның айтуынша, ұлына санитарлар тарапынан дене жарақаты салынған.
Кейін бұл ақпаратқа байланысты полиция тексеріс басталғанын растады.
Лифтідегі оқиға туралы не белгілі?
2025 жылы 11 ақпанда Астанада 14 жастағы жасөспірім лифтіде 5 жасар балаға пышақпен шабуыл жасады. Оқиғаны тергеу кезінде кәмелет жасына толмаған жасөспірім психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталған.
Астана Полиция департаменті бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетовтің айтуынша, балаға жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Ресми мәліметке сүйенсек, Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі «Денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған, сол сияқты қылмыстық топ жасаған бұзақылық» бойынша соталды тергеп-тексеру басталған.
Бұл баптың санкциясы бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Ал қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен бала бес жаста. Дәрігерлер алғашында оның жалпы жағдайын ауыр деп бағалады. Ал отадан кейін баланың жағдайы тұрақты екені айтылды.