Сот елорда тұрғыны мен оның сыбайластарын жаңа туған сәбиді сатқаны үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Тергеу мәліметінше, 19 жастағы астаналық қыз жүктілігінің сегізінші айында делдалдар арқылы жалған суррогат ана келісімін жасаған.
Сот материалдарына сәйкес, бойжеткен босанғаннан кейін сәбиді ерлі-зайыпты жұпқа тапсырған. Алайда бұл мәміле құқық қорғау органдарының назарына ілігіп, іс тергеуге алынған.
Сот үкімі шықты
Сот жас ананы және оған көмектескен делдалдарды кінәлі деп таныды. Оларға сегіз жыл мерзімге шартты жаза тағайындалған.
Анасы ата-ана құқығынан айырылды
Қорғаншылық органдары сәбиді кәмелетке толмағандарға арналған мекемеге орналастырған.
Кейін сот шешімімен қыз толықтай ата-ана құқығынан айырылған.