Астанада Республика даңғылы бойындағы бес қабатты қонақүй өртенді. Мәлімет бойынша, өрт кезінде 60-қа жуық адам құтқарылған, деп хабарлайды Dalanews.kz. ТЖМ- ге сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Астанада Сарыарқа ауданындағы Республика даңғылы бойында орналасқан бес қабатты қонақүйде өрт шықты.
«2- ден 5- қабатқа дейінгі электр қалқаншаларында электр сымдары жанып, жалпы ұзындығы 12 метр болатын аумақты қамтыған. ТЖД күшімен 50 адам эвакуацияланды. Тағы 8 адам, оның ішінде екі бала үш буынды саты мен құтқару маскаларының көмегімен құтқарылды»,- деп хабарлады ведомстводан.
Сондай- ақ министрлік өрттің толық сөндірілгенін, зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.