Астанада қатты жел салдарынан бес көлік өртенген

Астанада қатты жел салдарынан бес көлік өртенген
видео кадры

Астанада Сарайшық ауданы А.Байтұрсынұлы көшесінде тұрғын үй кешені маңындағы автотұрақта бес жеңіл көлік өртенді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Құтқарушылардың алғашқы бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде көліктердің барлығы жанып жатқан.

"Қатты жел салдарынан жалын бір-біріне жақын тұрған көліктерге тез тараған. Оқиға орнына өртсөндірушілер 7 минут ішінде жетіп, өртті жедел сөндірді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп жазылған хабарламада.