Астанада оқушыларды ұрып, балағаттаған мұғалім жұмыстан шығарылды

Сағыныш Сардарова 03 сәу. 2026 09:25

Астанада даулы видеодан кейін мұғалім жұмыстан шығарылды. Кадрларда педагог оқушыларды ұрғаны көрінеді, сонымен қатар, балағат сөз айтқаны естіледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Осы оқиғадан соң қалалық білім басқармасы қызметтік тексеріс бастады. Тексеріс кезінде күш қолдану дерегі расталған.

Ведомство мәліметінше, мұғалім Еңбек кодексіне сай жұмыстан шығарылған.

Сондай-ақ, мектеп басшылығына да тәртіптік шара қолданылды: директор мен оның орынбасарларына ресми сөгіс беріліп, жеке жауапкершілік жүктелді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove