Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт үзіліп кетті, салдарынан бір адам мерт болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оқиға Төлебаев көшесі, 5 мекенжайында орналасқан "Арыстан" тұрғын үй кешенінде болған.
Денсаулық сақтау басқармасы мәліметіне сүйенсек, жөндеу жұмыстары кезінде лифтке жауап беретін компанияның бір қызметкері қаза тапқан. Екі адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Астана Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
"Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деді полиция.
