Астанада мәслихат депутаттары жеңіл рельсті көлік (LRT) станцияларының ресми атауларын бекітті,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Астана мәслихатының кезектен тыс сессиясы барысында депутаттар қаладағы жеңіл рельсті көлік станцияларына атау беру мәселесін қарастырды.
Әлемдік тәжірибеде метрополитен немесе жеңіл рельсті көлік жүйелеріндегі станция атаулары сол маңда орналасқан маңызды нысандарға байланысты қойылады. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарының жол табуын жеңілдету үшін жасалатын қадам.
Сараптамалық қорытынды негізінде ортақ шешім қабылданып, хаттамамен рәсімделді.
Мынадай атаулар бекітілді:
- 101 - "Әуежай";
- 102 - "Атамекен";
- 103 - "Есіл";
- 104 - "Мәңгілік ел";
- 105 - "Астана жұлдызы";
- 106 - "Нұра";
- 107 - "Университет";
- 108 - "Ұлы дала";
- 109 - "Астана Арена";
- 110 - "Жекпе-жек сарайы";
- 111 - "Сығанақ";
- 112 - "Бәйтерек";
- 114 - "Министрлік үйі";
- 115 - "Театр";
- 116 - "Мыңжылдық аллеясы";
- 117 - "Жібек жолы";
- 118 - "Нұрлы жол".