Астанада ірі өрт болды

Астанада ірі өрт болды
ТЖМ

Астанада ірі өрт болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

13 қыркүйекте елордалық өртсөндірушілер салынып жатқан нысандағы өртті сөндірген. Есіл ауданы Ақмешіт көшесінде салынып жатқан бес қабатты тұрғын үй аумағында өрт шыққан. Алдын ала ақпарат бойынша ғимараттың шатыры жанған.

Өрт сөндіру бөлімдері оқиға орнына жедел жеткен. 

"Өртті сөндіруге 35 өртсөндіруші және 14 арнайы техника жұмылдырылды", - деді ТЖМ өкілдері.

Нақтыланған ақпарат бойынша салынып жатқан ғимараттың шатырында, 30 шаршы метр аумақта рубероид пен полиэтилен жанған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.