Астанада ер адамды көпірден секіремін деп қорқытып, видео түсіргені үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Іс материалдарына сәйкес, 10 маусым күні ер адам «Қараөткел» көпірінің аркасына шығып, өз-өзіне қол жұмсау ниетін білдірген.
Ол оқиға орнынан түсірілген видеоны жеке сот орындаушысы мен бұрынғы жұбайына жолдаған.
Сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындады. Айтуынша, ажырасқаннан кейін алимент бойынша берешек пайда болған, қазіргі таңда ол 1 миллион теңгеге жеткен.
Қаржылық қиындықтар мен эмоциялық қысым осындай әрекетке итермелеген.
Сот ер адамды ұсақ бұзақылық жасады деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.