Астанада қайғылы оқиға салдарынан 27 жастағы әйел мен екі жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, әйел тұрғын үйдің 15-қабатынан секіріп кеткен. Құлау кезінде ол екі жасар бала отырған балалар арбасына түскен.
Ауыр жарақат алған бала оқиға орнында көз жұмды. Әйел де алған жарақаттарынан қайтыс болған.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, 27 жастағы әйел тұрғын үйдің 15-қабатындағы терезеден секірген. Құлау кезінде ол балалар арбасына түскен. Салдарынан екі жасар бала қайтыс болды. Әйелдің өзі де қаза тапты», – деп хабарлады Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жүргізіп жатыр.