Астана маңында екі бірдей жылыту қазандығы жарылды

Асель Қайратқызы 10 қар. 2025 17:04

Ақмола облысының Жібек Жолы ауылында екі жылыту қазандығы  жарылды. Оқиға салдарынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Dalanews.kz  Аршалы ауданы әкімдігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2025 жылдың 10 қарашасында Жібек Жолы ауылындағы жеке тұрғын үйде, ішінде қосымша салынған 10 шаршы метрлік қазандық бөлмесінде жылыту қазандығы жарылған. Оқиға кезінде өрт шықпағанымен, қабырғаның бір бөлігі қираған.

Оқиға салдарынан 1974 жылы туған ер адам зардап шеккен, ол Астананың №1 көпсалалы облыстық ауруханасына жеткізілген. Ауруханада науқасқа медициналық көмек көрсетіліп, диагноз қойылды — жабық бас-ми жарақаты, шаш бөлігінің соққылы жыртылған жарасы. Тексеруден кейін ол амбулаториялық ем алуға жіберілді.

Сонымен қатар, сол ауылдағы бір ЖШС-де де жылыту қазандығы жарылған. Аталған оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Оқиға орнына Аршалы ауданы ТЖ бөліміның жедел әрекет ету күштері дереу жіберілді: 2 қызметкер және 1 техника бірлігі аттандырылды, сондай-ақ Жібек Жолы ауылынан 3 адамнан тұратын команда шықты.

Қазіргі уақытта оқиғаның себептерін анықтау бойынша тергеу-оперативтік іс-шаралар жүргізілуде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар