1 тамыздан бастап Astana қаласындағы Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік (LRT) желісінде жолақы төлеудің кеңейтілген жүйесі іске қосылады. Бұл ретте бір реттік жол жүру құны өзгеріссіз қалып, 200 теңге болады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Компания мәліметінше, жолаушылар стансалардағы кассалар арқылы көлік карталарына бірнеше жаңа тарифтік пакетті жүктей алады.
Атап айтқанда:
1 күннен 15 күнге дейінгі шектеусіз жол жүру билеттері – 500-5 000 теңге;
1 және 3 айлық абонементтер – тиісінше 7 500 және 20 000 теңге;
5-тен 30 сапарға дейінгі бекітілген жол жүру пакеттері – 900-5 000 теңге.
Сонымен қатар компания көлік картасы жоғалған жағдайда оған жүктелген қолданыстағы жол жүру билеттері мен абонементтер қалпына келтірілмейтінін ескертті.