Астана күніне байланысты 6 шілдеде халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, 4 шілде күні азаматтарды тек кезекші орталықтар қабылдайды.
Кезекші ХҚКО-лар сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал кезекші мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштер 09:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, дайын құжаттар 13:00-ге дейін беріледі.
Ведомствоның мәліметінше, 7 шілдеден бастап барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО әдеттегі жұмыс кестесіне қайта көшеді.