Астана әкімі отставка жөніндегі сыбыстарға жауап берді

Астана әкімі отставка жөніндегі сыбыстарға жауап берді
Фото: "Казконтент" АҚ, коллаж: Dalanews.kz
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тараған, оның қызметінен кетуі немесе жоғары лауазымға тағайындалуы мүмкін деген сыбыстарға пікір білдірді, деп хаба...

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тараған, оның қызметінен кетуі немесе жоғары лауазымға тағайындалуы мүмкін деген сыбыстарға пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жеңіс Қасымбек өз қызметінен кетеді деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Өте дұрыс айтып отырсыз, бұл жай ғана сыбыс. Сыбысқа сенбеңіздер. Сыбысты талқылау – бұл маңызды дүние емес", – деді Қасымбек Үркер тұрғын алабында өткен кездесу кезінде.