Ассамблея басшылығынан босаған Кузиев сенатор болмақшы

Dalanews 28 сәу. 2022 05:23

Оның Сенат депутаты болуы Ассамблея тарапынан мақұлданатын болады. Бұл туралы "DALA инсайд" дереккөзі хабарлады.

Зәкіржан Кузиев бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары лауазымында болған еді.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жарлығымен Зәкіржан Кузиев және Ассамблея төрағасының тағы бір орынбасары Майя Бекбаеваны қызметтерінен босатты. Майя Бекбаеваның қандай қызметке баратыны туралы әзірге ақпарат жоқ.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар