«Асар-Үме» қоры Перизат Қайрат жетекшілік еткен қорға 200 млн теңге аударған

Көркем Алдабергенова 15 шіл. 2025 12:24

«Асар-Үме» қоры Перизат Қайрат жетекшілік еткен қорға 200 млн теңге аударған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгін Астанадағы сот отырысында жәбірленуші тарап атынан «Асар-Үме» қорының президенті Асхат Нұрмашев жауап берді.

Оның айтуынша, 2023 жылы Газа секторына көмек ретінде қор Перизат Қайрат басқаратын қорға бір жолғы аударыммен 200 млн теңге жіберген. Қалған 93 млн теңге кейін Палестина елшілігі арқылы тікелей аударылған.

Алайда Перизат Қайрат уәде етілген қаржылық есепті ұсынбаған. Айыпталушы бұл айыптарды мойындамайды.

Сот процесі жалғасуда.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар