Әнші Аша Матай депутаттыққа түскеннен кейін басынан өткен қиын кезеңі туралы айтып берді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желіде өзіне бағытталған сын-пікірлерді ауыр қабылдағанын жасырмады. Оның айтуынша, сол кезеңде көңіл күйі түсіп, күнделікті өміріне де әсер еткен.
"Ұйықтай алмай, тамақ іше алмай қалған кездерім болды. Менің жүрегім нәзік, өнер адамымын ғой. Жылаған күндер де болды. Бәрі артта қалды. Бір өліп, бір тірілгендей болдым", – деді Аша Матай.
Әнші бүгінде сол қиын кезеңнің артта қалғанын атап өтті.