"Арселордың Митталдың" басқарушы директоры күніне 1 млн теңге алып отырған

Dalanews 28 қаз. 2023 15:09 958

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басқарушы директоры Палават Кришнан Наир Биджуға 2021 жылы 375,9 млн теңге немесе айына 31,3 млн теңгеден немесе күніне 1,01 млн теңгеден төлеген деп хабарлайды Dalanews.kz Аrasha.kz порталына сілтеп.

2022 жылғы деректер жоқ, компания оларды қаржылық есептілік депозитарийінің порталына жүктемеген. 2020 жылы Палават Кришнан Наир Биджу 344 млн теңге алған. 2019 жылы оның алдындағы басқарушы директор Парамжит Сингх Калон 328 млн теңге алған.

Наир Биджу «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына 2008 жылы келген. 2020 жылы басқарушы директор болып тағайындалған.

2022 жылдың тамызында берілген соңғы есепке сәйкес, «Арселормитталдың» 2021 жылы таза пайдасы 215 млрд теңгені болған. «АрселорМиттал Теміртау» 2021 жылы — 111,9 млрд теңге, 2022 жылы — 102,5 млрд теңге, ал осы жылы — 50,3 млрд теңге салық төледі. Осылайша салық сомасы азаяды. Айтпақшы, компанияның 28 қазандағы жағдай бойынша 437,58 теңге көлемінде салық берешегі бар.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы қарасты Костенко хатасындағы өрттен қаза болғандары саны 31 адамға жетті. Президент Тоқаевтың тапсырмасынан соң, үкімет компаниямен инвестициялық келісімді тоқтатып жатыр.

Митталдың басқа да былықтары осы жерде: https://t.me/dalainside/1343

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар