Белгілі айтыскер ақын, қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабек желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.
"Бекжан Әшірбаев ақын досым да Раббысына аттаныпты... Алла алдынан жарылқасын! Мықты азамат еді!
Фото 19-20-дағы кезіміз. ҚазҰУ де бірге оқыдық, жатаханада көрші тұрдық. Ең әйгілі айтысы да менімен болған еді (1998).
"Көршінің қызы керемет еді, әкесі де оның жақсы адам", – деп қыздың өзіне ғана ғашық болмай, әкесіне, тегіне қарап бағалауды қанша жастарға тұспалдап айтып кеткен парасат иесі еді...
Артында сөз қалған ақын!" – деп жазды Мұхамеджан Тазабек.