Ақтөбенің Алматы ауданындағы 41-разъезде жанар-жағармай материалдарын айдауға арналған сорғы станциясы ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Төтенше жағдай жеке тұрған бір қабатты ғимаратта болған. Өрт 126 шаршы метр аумақты шарпыған.
Оқиға орнына келген Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өртті жедел сөндірген.
Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір оның шығу себебі анықталып жатыр.