Ақтөбе облысының Ойыл ауданында тоғызыншы сынып оқушысы босанды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәліметінше, қазір оқушы мен сәбидің денсаулық жағдайы тұрақты.
"Жасөспірімге қажетті психологиялық көмек көрсетілді. Оқиға бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жағдай кәмелетке толмағанның мүдделерін қорғау мақсатында өңірлік балалар құқықтары жөніндегі уәкілдің бақылауында", - деп жазылған хабарламада.
Бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалған.