Ақтөбе облысында өлімге әкелетін қауіпті аурудың өршуіне байланысты карантин енгізілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Ұйыл ауданы Көптоғай ауылдық округіне қарасты Шұбарши ауылындағы "Мәтжан" шаруа қожалығында ірі қара мал арасында эмфизематозды карбункул ауруының анықталуына байланысты карантин енгізілсін", – делінген жергілікті әкімдік шешімінде.
Эмфизематозды карбункул – өткір түрде өтетін, жұқпалы емес мал ауруы. Ол өте жылдам дамып, жануарлардың жылдам өлуімен сипатталады. Көп жағдайда инфекция жұққаннан кейін бір тәулік ішінде өлімге әкеледі.