Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты

Қаракөз Амантай 11 сәу. 2026 11:04

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қайғылы оқиға 10 сәуір күні түнгі сағат 23:00 шамасында Ақтөбе – Жайсаң тасжолында тіркелген. Полиция мәліметінше, апатқа ВАЗ-2115 және Lada Granta автокөліктері қатысқан.

Жол апаты салдарынан ВАЗ-2115 көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Ал Lada Granta жүргізушісі мен оның екі жолаушысы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove