Ақтөбе әкімдігі онлайн форматқа көшуі мүмкін

Dalanews 08 сәу. 2026 07:16

Өңір басшысы Асхат Шахаров әзірге өрттің қасақана қойылғаны туралы айтуға ерте екенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу комиссиясы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz

Оның айтуынша, әкімдіктегі жұмыс күні сағат 17:30-да аяқталады, содан кейін ғимаратта тек күзет қызметі ғана қалады. Нысан бейнебақылау камераларымен жабдықталған, сондықтан өрттің себептері туралы нақты қорытынды жасауға әлі ерте.

Сондай-ақ ол бұған дейін ғимараттың өрт қауіпсіздігі тексерілгенін, ешқандай заңбұзушылықтар анықталмағанын атап өтті.

Әкім түн бойы оқиға орнында болуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Алдағы жұмыс тәртібі бойынша шешім таңертең қабылданады. Барлығы құтқарушылардың қорытындысына байланысты болады.

Қажет болған жағдайда ведомство онлайн форматқа көшуі мүмкін.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove